Ақан Сатаевтың «Она» картинасын "20th Century Fox" компаниясы әлемдік прокатқа шығарады

Сообщить о проблеме с эфиром

Ақан Сатаев - отандық киноны әлемдік прокатқа шығарған тұңғыш режиссер! Басты рөлде Айсұлу Әзімбаева ойнайтын «Она» фильмін "20th Century Fox" дистрибьютерлік  компаниясы қанатының астына алды. Яғни, әлемнің әр түкпірінде прокатқа шығарып, картинаны лайықты жарнамалайтын болады.

Әзірге, «Она» кинолентасын нақты қай елдің кинотеатрларында тамашалауға болатыны беймәлім. Дегенмен, психологиялық трейлердің тұңғыш көрсетілімі Санкт–Петербор қаласында өтті. Енді, 13-ші қазанда Пусандағы кинофестиваль аясында әлемдік тұсаукесері жоспарлануда.

Aқан Сатаев, режиссер:

- Біздің қуанышымызға орай «Она» киносы6 үлкен Голливудтың компаниясы «20- век фокс» үлкен мейджер компания, дистрибюциясын Қазақстан бойы және ТМД-ның кейбір қалаларына алып отыр. Бұл қазақ киносанда негізінде бірінші рет.

«Она» фильмі елде 30-шы қазаннан бастап үлкен экранға шығады