Мемберлер «Қараңғы жарық» үнтаспасының басты құпиясын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұрсынбек Қабатовтың қызы ғана емес, бүгін бүкіл иглз қуанышты! Себебі, асыға күткен Bala-ның аккаунты ашылып, көз іліспес жылдамдықпен фолловерлер саны артуда. Дәл осы сүйінші хабармен тағы бір басты құпияның да шеті шықты. Мемберлер ұзақ сақтаған сырларын дәл қазір өздері баяндайды.

Иглз бен мемберлердің ортасындағы «алтын көпір» - инстаграм аккаунттын соңғы болып кенжетай Bala-ның ашуында өзіндік мән бар. Жігіттердің айтуынша, парақша иесі мен «Қараңғы жарық» үнтаспасының арасындағы байланыс зор.

 Zaq, «Ninety One” тобының мембері : 

 - Әрбір мини-альбоммен бірге сол адамның аккаунты шығады. Яғни, бізде әрбір мини-альбомның өзінің қыстырылған кейіпкері бар. Сол кейіпкер жаңағы мини – албомның ішіндегі паймда6 өзінің бір үлкен рөлін атқарып кетеді. Содан кейін барып, оған байланысты аккаунт ашылады.

Паймнан бөлек, күйтабақ сол мембердің жан -дүниесімен үндесетін  әндерден ғана тұрады.

Zaq, «Ninety One” тобының мембері:  

- Дәл сол адамның ішкі мінезіне байланысты  ішінде екі трек болады. Жалпы концепцияның бәрі сол жерде жатыр. Сол себепті, ай сайын емес мини – альбоммен бірге ашылады аккаунт.

«91-лік» бестік те инстаграмның белсенді қолданушысы болып үлгергенімен, иглз «Қараңғы жарық» үнтаспасының екі бөлігімен ғана таныс. Жігіттер телехикая түсірілімінде жүріп, әзір тұрған 3-ші және 4-ші бөлімдердің тұсауын кесуге уақыт таппаған сынды. Қуантатыны, таяу 2-3 күндікте дэкодинг жасап, мемберлер бұл шағын-альбомдарды да көпке ұсынбақ. Демек, Bala-ға тиесілі бесінші бөлімнің де иглз қолына тиер шағы қыр астында.