Аңыз сәнбике - Линда Евангелистаның тым толықтап кетуіне не себеп?

Сообщить о проблеме с эфиром

Джордж Майклдың Freedom  бейнебаяны супер сәнбикелердің арқасында тым танымал болғанды. Бүгінде жастары елуге таяп қалған бұл сылқымдарды Донателла Версаче подиумға қайта шығарған сәттен бері, оларға қызығушылық арта түскендей. Наоми Кэмпбелл мен Синди Кроуфордтың сол жас шақтағы эксклюзивті кадрлары назарға ұсынылды.

Араға жиырма жылға жуық уақыт салып, Джордж Майклдың бейнебаянының бэкстейджі жариялануы тегін емес. Себебі, Versace подиумына көтерілген 90 – жылдардың топ – модельдері бүгінде қызу талқыдағы тақырып.

Клаудия Шиффер 47 жасқа жетіп, үш баланы өмірге әкелгенімен әлі де мінсіз мүсінін мақтана алады! Мэттью Вонмен мызғымас махаббаттарының белгісі – олар таяуда отау тіккендерінің 15 жылдық мерейтойын атап өтті.

16 жасында жүгері сатып жүрген суреті газет бетіне ойда жоқта басылып, сәнбикелік мансапқа жолы ашылған Синди Кроуфорд! Екі перзенттің анасы әлі сән сахнасынан түскен жоқ. Елу бірді алқымдап қалған бикештің сұлулық құпиясы тым қарапайым. Ол таңертеңгілік он минуттық жаттығуын ешқашан үзген емес.

Жасы ұлғайған сайын ажарлана түскен Наоми Кэмпбеллдің әлі күнге ана атанудан үміті бар. Дегенмен, келешек сәбилеріне әке болар лайықты жанды таппаған. Есесіне, мансабы әлі күнге өрге дөңгелеп келеді. Тіпті, жалаңаш ел алдына шығудан да жасқанған емес.

Ол - 9 жасынан сән сахнасында! Қырық тоғыздағы Хелена Кристенсен әлі күнге Викторияс Сикрет періштелерінің көш басында тұр. Сәнбикенің ержетіп қалған ұлы бар.

Николя Сорказиді ғашық еткен – Карла Бруниді бүгінде сахнадан табасыз! Сылқым әншілік мансабын бастап, әлемдік турнелерде жүреді.

Versace подиумында Линда Евангелистаның жетіспегені анық! 90-шы жылдардағы ең табысты сәнбикені бүгінде көшеде кезіктірсеңіз танымай қаласыз. Сылқым тым толықтап, ажарынан әр кеткен. Ол сәнбикелік мансаппен біржола қош айтысқалы спортты да, дұрыс тамақтануды да ысырып тастаған. Жанын қинағысы келмейді. Бүгінде жалғыз өзі ұлын тәрбиелеп отыр.