Асылбек Еңсеповті экс – қайын атасы Төлеген Мұхамеджанов бейнебаянының тұсаукесерімен құттықтап келді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Экс-құдағиының жанында, құдасын еске алып, тебірене сөз сөйлеген Төлеген Мұхамеджановтың эмоциялары шынайы! Ол бұрынғы күйеу баласының шығырмашылығындағы жетістігіне аса қуанышты. Композитордың қызы Құралаймен дәм – тұзы жараспағанымен, Асылбек қайын атасының алдында құрақ ұшып жүр. Себебі, бізді байланыстырар ортада атұстарым, -  бар дейді домбырашы.

Асылбек Еңсепов, күйші:

– Үлкен балам бар! Қазір жасы  - 15 те. 9-шы класста оқиды.Үлкен азамат. 01:25:08 – Бала болғаннан кейін, өзіміз адам болғаннан кейін неге бір-бірімізді жамандап, бір-бірімізге нетіп? Бала өсіп келе жатыр.

Ержетіп қалған ізбасарымен ұдайы байланыста болғанымен, Асылбек мырза бұрынғы жарымен мүлдем қатынаспайды екен.

Асылбек Еңсепов, домбырашы, музыкант:

– Кездесіп қалсақ амандасамыз, бірақ араласым жоқ. Өйткені, менің екінші әйелім бар. Өзімнің жақсы көретін әйелім бар.

Еңсеповтердің кенжесі - Сырымтайға да Төлеген Мұхамеджанов пен Нұржамал Үсенбаевалардың ықыласы ерекше. Көзі тірісінде Жасарал Еңсепов сөзін жазған «Алтын заман - ай» туындысына Мұхамеджанов мырза сазгерлік еткен. Тарих қойнауындағы түрлі кезең жайлы сыр шертетін әнге Ақан Сатаев пен командасы бейнебаян таспалаған.

Асылбек Еңсеповтің де талай жылдық үзілістен соң таспалаған туындысының тұсауы кесілді. «Әке арманы» композициясы меймандарды тебіренткені соншалық, көзіне жас алмағандары некен-саяқ.

Нұрлан Абдуллин,  әнші:

– Асылбек, енді бір жылатып алды бізді.

Ademi,  әнші:

– Сырым бұл әнді ең бірінші рет студияда қосып, тыңдатқан болатын. Жан дүниемнің тебіренгені соншалық, егіліп жыладым. Композиция аяқталған соң өз-өзіме келгенше біршама уақыт өтті.

Медеу Арынбаев, әнші:

– Көзіме жас алғанымды да жасырмаймын.  Сапасы жағынан, қай жағынан алсаң да керемет дүние.

Асылбек Еңсепов бұдан өзге тағы бір сүйінші хабарын жеткізді. Музыкантқа екінші жары таяуда перзент сыйлаған. Бауы берік болсын дейміз!