Дәстен Шакиров актерліктен түбегейлі бас тартпақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал актер Дәстен Шакиров болса, бұдан былай режиссерлік істі өз қолына алмақ. Алғашқы фильмін жаңа таспалап біткен ол, жұмыс барысында қиындықтардың кездескенін де жасырмайды...

Қаржыгер мамандығы бойынша оқуын тәмәмдап, біраз жыл сол салада жұмыс істеген Дәстен Шакиров актерлікке кенеттен келген еді. Енді өнер иесі, өзін тағы жаңа қырынан танытпақ.


Дәстен Шакиров,  актер, режиссер: 

-Жалпы бұл, режиссерлік ретінде менің алғашқы жұмысым десе де болады. Енді актер ретінде 2013 жылдан бастап түсіп келе жатырмын, енді осы жұмысты, режиссерлік жұмысты 7 жылдан кейін өз қолыма алып отырмын. Енді бірінші рет қиындау болды. 

Киногерлер қауымы, Дәстен таспалаған фильм отандық кино саласына жаңа леп әкеледі деп сендіруде. Себебі, картина құрылымы жауыр болған жанрлардан мүлде бөлек көрінеді.
Ришат Адильбеков, атқарушы продюсер:

-Қазіргі режиссерлардың барлығы комедия мен бандиттер жайлы түсіреді, ал біз болсақ шытырман мистикалық кино түсіргіміз келді. 
Сондай-ақ,  «Резерват: Черные копатели» атауына ие болған туынды, бұрын-соңды түртілмеген тақырыпты қозғамақ.
Дәстен Шакиров – актер, режиссер 
-Бұл фильм «қара» археологтар туралы. Олар осы Алматының үлкен тауларына барып, жалпы алтын іздейді деп айтсақ та болады. 

Бұл фильмде режиссерлік пен актерлікті қатар алып жүрген Дәстеннің,  болашақта да екі кеменің басын бірдей ұстап жүре бермек ойы бар.
Дәстен Шакиров – актер, режиссер 
-Жалпы актерлікті енді өзім тастағым келмейді. Жақсы-жақсы актерлік ұсыныстар болса, актер ретінде де түсе берем. Режиссерлік жұмыс болса да, көре жатармыз. Оны да қолға алатын ойлар бар негізі. 
 
Ал, көрермен қауым, отандық кино саласындағы жас режиссердің жұмысын келесі жылдың басында бағалай алады..