Ресейлік тележүргізуші Виктория Боня болашақ балаларының атын алдын -ала таңдап қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тұрмыс құрмаған сылқымның бұл қылығын, көпшілік сөгіп те үлгерген. Тележүргізушінің жүрегін Фредерик есімді италяндық жігіт жаулаған көрінеді. Ең қызығы, жүкті болмақ түгілі, әлі тұрмыс құрмаған Виктория сүйіктісін жұбайым деп атап, әлеуметтік желіде болашақ сәбиіне Эвер деп ат қоятынын мәлімдеген.

Ал, Леди Гага армандайтын күйде емес. Денсаулығына байланысты жеке концертін кейінге шегерген әншіге бірінші болып, Бейонсе қолдау көрсетті. Өнер иесі, мүшкіл хәлдегі құрбысына ал қызыл раушан гүлдер жіберіп, көңілін көтермек болған. Еске салар болсақ қос сұлу, бірге таспалаған «Телефон» бейнебаянының түсірілімінен кейін достасып кеткен еді.

Ерлерге арналған «PlayBoу» журналының негізін қалаушысы - Хью Хефнер 92-жасында дүниеден озды. Әйгілі басылым, ең алғаш 1953 жылы мұқбасында Мэнрин Монро суретімен жарияланып, 70 мың данамен таралған болатын. 65 жылдық тарихы бар журналдың иесі өмірінің соңында, денсаулығының сыр беріп жүргендігі туралы ешбір жанға жақ ашқысы келмеген.