Эрик 40-қа қадам басқан әншіні қол астына алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әдетте ән додаларында топ жарған жастармен жұмыс жасайтын Эрик Тастембеков, кәсібіндегі тәсіліне өзгеріс енгізді. Продюсер бұл жолы 40-қа қадам басқан өнер иесін қол астына алған. Жарты жыл бойы жұрттан жасырған жаңа жобасы жайлы бірінші болып «Ревюньске» айтуды жөн деп  шешіпті...

Отандық шоу-бизнесте талай таланттардың жұлдызын жаққан Тастембековтің таңдауы бұл жолы Нұрлан Жұмағали есімді әншіге түсіпті. Олардың таныстығы осы жылдың көктемінде басталған. Араға бірнеше ай салып, қос тарап келісімшартқа да қол жеткізеді. 

Эрик Тастембеков,  продюсер:

-МузАрттың стилінде ән салатын болады. Репертуарға да өзінің жасынан сай келетін тректерді таңдауды жөн деп шештік. Бұл жігіттің жаны лирикаға жақын!

Қырыққа тақаған шағында ән әлеміне қадам басқан Нұрлан, осы уақытқа дейін отандық кинонарықта қызмет атқарыпты. Ол өзін қамал алар жаста кәсіби сахнаға жолдама алған жалғыз мен емес деп жұбатады!

Нұрлан Жұмағали, әнші:

-Мысалы, былай қарап тұрсаңыз мына көрші мемлекетте бар. Оның ішінде Стас Михайлов 40-тан асып кеткен соң, сахнаға шыққан.  Тағы айта кететін болсақ Григорий Лепс! Ол кісіде 40-тан асып барып өнерге келген.

Әншінің сөзіне сенсек, ұзақ уақыт пысық продюсерлерді аңдумен болғанын айтады. Бүгінде Эрикпен қызу жұмысқа кіріскен Нұрланның бастапқыда таңдауы Тастембековке түспеген...

Нұрлан Жұмағали, әнші:

-Баян ханым болды. Бірақ, Баян ханым өздеріңіз білесіздер ер әншілермен көп айналыспайды. Екіншісі енді ол Арман Дүйсенов ағамыз,  бірақ ол кісіде былай кетіп қалды. Сосын енді үшінші вариант осы Эрик ағамыз болды.

Эрик Тастембеков,  продюсер:

-Бір күні өзі хабарласып, дауысын тыңдап көруге ұсыныс жасады. Менің көңілімнен шыққаннан кейін, жұмысты бастап кеттік. Осы уақытқа дейін ән айту бағытын таңдап, стилін сараптап, бүгін бейнебаян түсіруге бел будық!

Екі жастың баянсыз махаббатын суреттейтін су жаңа клип «Адал бол» деп аталатын трекке таспаланып жатыр!