Неліктен отандық картиналар табыстылар тізімінде түсе алмай жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кассалық жиыны бойынша мықтылар тізімінде «Оно» картинасы бірден бесінші орынға ығысcа, «Кингсман: Золотое кольцо» көшбасшы атанды. 
Фильм өзінің алғашқы аптасында-ақ 77 миллионнан астам теңге қаржыны қанжығалаған...

Ал, екінші орынға  «Лего Ниндзяго фильм» анимациясы жайғасты. 7 миллион теңге жинаған картина ойыншық франшизасының үшінші туындысы болып саналады. 

Ресейлік режиссерлердің еңбегі де, өзінің жинаған қаражатымен мықтылар тізімін босатуға әлі де асығар емес. Туынды бұл апта қоржынын тағы 6 миллион теңгеге қампитты.

Отандастарымыз триллер көруге де қарсы емес көрінеді. Дэн Буштың «Хранилище» картинасы 4 миллион қаржыға ие болды.

Кассалық жиыны бойынша бесінші орынды еншілеген «Оно» бұл жолы 4 миллион теңге жинады. Қорқынышты сәттерге толы карина өзін-өзі толық ақтап үлгерген. Небәрі 35 миллион долларға түсірілген ол, 3 аптаның ішінде бүкіл әлем бойынша жарты миллиард доллар қаржы жинаған.