Ләйлә Сұлтанқызының кезекті кітабы қандай ұятты тақырыпты қозғамақ?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ұят деп саналатын дүниелер, ашық түрде талқылануы керек! Дәл осы сөздерді негізге алған, Ләйлә Сұлтанқызы тағы бір кітабының тұсауын кеспек. Тележүргізуші мұнысымен қоймай, барша әйел қауымына көмектесемін дейді...

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Тыйым салынған тақырыптар болғанда, қыз баласының өміріндегі, әйел деп алып отырмыз, қыз баласының өміріндегі кейбір мысалы, өтпелі кезеңдерде болатын проблемалар, бұл кітаптың шығуына түрткі болып отырған аналардың хаттары. Біз ойдан ештеңе құраған жоқпыз.  

Талай әйелдің көкейінде жүрген түрлі сауалға жауап беруге тырысқан кітапты шығару үшін, Ләйлә ғана емес, арнайы ұжым тер төккен көрінеді..
 

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Барлық мамандарды бұл жолы біз біріктірдік. Психологты, дерматологты, психиатр, косметологты дегендей. Кәдімгідей мен оларды жалдадым. 

Өзі де өмірде стилист маманының көмегіне жүгінетін Ләйлә Сұлтанқызының әрдайым әсем киініп жүретіні белгілі. Алайда, күні кеше, тележүргізушінің «L'Officiel Awards» шарасындағы образы жұртқа аса жақпады. Ашық-шашық киіндің деген көпшілікке тележүргізушінің жауабы да дайын.
 

Ләйлә Сұлтанқызы, тележүргізуші:
-Нашар комментарий жазатындар, кейде күнде менімен шәй ішіп, менің бар мінез-құлқымды білетін сияқты жазады. Мен өзім таңқалып жатам, содан кейін күлем де қоям.

Әдемі киінуде, тележүргізуші күйеуіне ілесе алмай жататынын да жасырмады..
 

Ләйлә Сұлтанқызы,  тележүргізуші:
-Менің күйеуім өте сәнқойы шыны керек, біздің үйде гардероб 30 квадрат болса, соның 20 квадратында менің күйеуімнің киімдері тұрады. Және де, менің күйеуімнің сондай әдемі дүниеге қызығушылығына қарап, қайта мен соның шаңына зорға ілесіп жүрем. Соның өзі құдайға шүкір деймін, ойбай сенен әдемі, сенен артық киінетін жігіт жоқ деп. 

Күйеуімен қарым-қатынаста дәл осылай ақылдылық танытатын Сұлтанқызы, кезекті кітабында әйелдер қауымынан өз кеңесін аямақ емес. Ал, өнегеге толы  жаңа басылым тұсауы 15-ші қазан күні кесіледі деп күтілуде.