Ким Кэтролл кінәлі! Сара Джесика Паркер «Секс в большом городе» картинасының жалғасы түсірілмейтінін айтты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзірге, «Секс в большем городе» картинасының не себепті жалғасы таспаланбайтыны туралы біліңіз! Атышулы төрт бикештің Абу-Дабидегі хикаясы жайлы фильм осыдан жеті жыл бұрын жарыққа шығып, 300 миллион доллар касса жинағанды.

Табысты туындыны қайта жалғамақ болған кинокомпания жоспарының бір-ақ күнде күлі көкке ұшты.

Сара Джесика Паркер, актриса:

- Айтарға сөзім жоқ! Тамаша сценарий жазылып, көрерменге керемет туынды тарту етілуі тиіс еді. Бірақ, Ким Кэттроллдың  Warner Bros компаниясына қойған талабының кесірінен фильм түсірілмейтін болды.

Менің жеке жобаларыма қолдау білдірсеңдер ғана, Самантаны қайта сомдаймын! Кейбір ақпарат көздері Ким ханымның компанияға қойған талабы  осындай деп болжайды.

Ал, актрисаның өзі бұл комедияда төбе көрсетуге құлықсыз екенін Твиттер парақшасында жазды. Себебі, 61 жастағы бикеш кинодағы өзінен он жас кіші құрбыларынан кәрі көрінемін деп қорқады.