Ревю-де жаңа жүргізуші! Телетізгінді қолға алған қандай өнер жұлдызы?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ревюньюс» керісінше, өркендей бермек. Бұл маусым тың жаңалықтар кезеңі. Мәселен, мен бүгін «Ревю» жүргізушілерлермен ұйымдастырған арнайы фотоссесияға қатысып, жаңа әріптесіммен тілдесіп қайттым.

«Ревюньюс» жаңа серпінмен, кең тыныспен жаңаша бағытта жұмысқа кіріспек. Бүгінгі жүргізушілермен өткізілген фотоссесия, соның бір айғағы.
 

Ильяхат, Су-Джи-Ю -фотограф:
-Тележүргізушілердің әрқайсысы әртүрлі. Олардың барлығы бір команда болып көрінгенімен, әрқайсысы жеке бір тұлға. Маған бүгін жұмыс өте қатты ұнады.

Ұйымдастырылып отырған фотоссесиядан өзге, «Ревюньстың» әзірлеген тағы бір тосын сыйы бар. 
Салатанат Бекжігітова, жүргізуші:
-Біз жаңа фотоссесия жасадық. Енді біздің қатарымызға тағы бір бойжеткен қосылады қатарымызға. Оның есімін айта алмаймын. Уақыты келгенде көрермендердің өзі білетін болады. 

Ұжымға қосылған су жаңа жүргізушінің кім екендігі туралы әзірше тіс жара алмаймыз. Алайда, оның танымал өнер жұлдызы қатарынан болатына уәде береміз.. 

Сондай-ақ Ревю, бұдан былай жаңа студияда өз жұмысын жалғастырмақ. Жаңа студия, тың жаңалықтар, қос жүргізуші, тек қана экслюзив!  

Тәуекел Мүслім, жүргізуші:
-Негізга ақпаратты көрерменге жеткізу тәсілі де өзгерді. Сол себептен НТК арнасын қосып, «Ревю» бағдарламасын көріңіздер, қызықтың бәрі алда.