Қазақстан премьер-лигасындағы драма! Өз алаңында «Тобыл» елордалық «Астананы» қалай аяқтан шалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Чемпион атану әр ел футбол клубтарының да басты арманы! Осы жолда Қазақстан премьер-лигасы жылда үлкен драмаға ұласып жатады. Өткенде «Қайрат» ұпай жоғалтқан еді, оның басты бәскелесі «Астана» да сырт алаңда сүрінді. Кім-кімді басып озбақ?!    

Ертегіге көбірек ұқсайтын Қазақстан біріншілігінде үш жыл қатарынан, «Астана» чемпион деген атағын ешкімге берген емес. Дегенмен, премьер-лиганың 29 туры аясында елордалық клуб, қостанайлық «Тобылдың» алаңында тең ойнап, ұпай бөлісті. 

Бірінші таймның орта тұсында алаң иелері сапынан Жасұлан Молдақараев көзге түсіп, есепті ашқан. Арада он минуттай уақыт өткенде Дмитрий Шомко таразы басын теңестірді. «Астана»  аяқдопшыларына әлі өткізбеген қосымша үш матч та үміт сыйлайтыны түсінікті. 

Елордалық футбол ұжымының басты бәсекелесі «Қайрат» болса, Павлодарда «Ертістен» сүрінді. Жеңіс ұпайы үшін жанын салған алматылықтарды 23-минутта Карлос Фансеканың соққан голы шындап састырды.                           

Тек, бес минут өткенде басты сұрмергендері Жерар Гоу таразы басын теңестіре алды. Бірінші тайм аяғында «Қайрат» қорғаушысы Елдос Ахметовтің алаңнан қуылуы  қосымша соққы болып тиді. Әзірге, «Қайрат» 69-ұпаймен көш басында. 

«Астана» тағы да чемпиондықты алсам дейді, «Қайрат» бұл тәжге мен жетсем дейді. Ел біріншілігіндегі бұл драма ақырына дейін сақталмақ! «Ордабасы» болса сенімді түрде қоланы күні бұрын қанжығалағандай. Үміт пен күдік аралас күй кешкен астаналық және алматылық жанүйерлер ақырына дейін күтеді!