Димаш Құдайбергенов Оралдық қарияларға қандай тосын сый жасады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал, бұл кездесу бұрынғыдан өзгерек. Димаш Құдайбергеновпен қауышқан Оралдық қарттар ерекше күйге бөленді. Талантты өнерпаз өз кезегінде қазыналы қариялар құрметіне ән шырқап, олардың көңілін аулады.

Әлем таныған қазақ баласына қызыл кілемін төсеп, ақ беріп қарсы алған қариялардың қуанышында шек жоқ! Бұрындары тек көк жәшіктен ғана тамашалайтын талантты ұлға жүрекжарды тілегін жаудырып, гүл шоқтарын ұсынған қарттар үшін бұл күн мерекемен пара-пар!                                            

Димаш Құдайберген, әнші:                                    
-Алтын уақыттарыңызды бөліп, кішігірім қонақ кәде беріп, өнерімді бағалап, қол соғып отырғандарыңызға үлкен рахмет.                  

 Иә, қариялардың құлақ құрышын қандырған Димаштың әні, қарттар үйін мекен еткен жандардың жүрегін елжіреткені тағы бар. Өткен күні еске түсті ме, мына кейуана ұзақ уақыт көз жасын тия алмады. Ал, ата-әжелерге алғысын жаудырған Димаш, егде жастағы тыңдармандарын алдағы уақытта жоспарланған жеке ән кешіне шақырды.                                                                        

Димаш Құдайберген, әнші:                                                                       
- Аталар, ақ жаулықты аналар. Сіздердің дәл қазір алдарыңызда тұрып сәлемдесу бақыты бұйырғаны, мені бір ерекше күйге бөлеп отыр. Өйткені, сіздердің алдарыңызда ән салу мен үшін ерекше құрмет.

Димаштың әр қадамын жіті қадағалап жүретін фанаттары бұл жолы да бұрынғы үрдістен жаңылған жоқ! Қайырымдылық шараның аясында, кумирімен кездескісі келген шет елдік дирстарды да көзіміз шалып қалды.                                  

Серікқазы Аязбаев, журналист: 
-Франциядан келген, Америкадан келген, Ресейден келген және Гангконгтан келген дирстар. Көңіл күйлеріңіз қалай?!

Патрис, Д. Құдайбергеннің фанаты: (АҚШ)
-Менің есімім Патрис! Мен бұл жерге Димашты қолдау үшін АҚШ-тан арнайы ұшып келдім. Құдайбергенов Қазақстанның жаһанға танытқан жұлдыз. Тіпті, бүкіл әлем Димашты жақсы көреді. Менің сүйікті кумирім қазақ баласы болғанына өте қуаныштымын.