«Пила» арамызға қайта оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Желіні шулатқан тағы бір дүние бар. Ғаламторға ең үрейлі фильмдердің бірі - «Пила»-ның сегізінші бөлімінің проморолигі шықты. Қорқынышты туындының жалғасында Лаура Вандерворт, Ханна Андерсон, Мэтт Пассмор сынды актерлер төбе көрсетпек. 

Біздің көрермен құмарта тамашалайтын бұл фильмді бұрынғыдан да қорқынышты ету үшін, бір емес, екі бірдей сценарист жұмылдырылған екен. Сюжет желісі бойынша, қалада 10 жыл бұрын дүниеден озған бейтаныс «жан алғыш» пайда болған. Ол жауыз кім? Қазақстандық көрермен кинокартинаны қазанның 26-сынан бастап үлкен экрандардан тамашалай алады...