Найнти уандықтар жаңалығы.  «Қағаз кеме» телехикаясы көрерменге қашан жол тартпақ? 

Сообщить о проблеме с эфиром

Иглз, сіздер «Қағаз кеме» телехикаясының тұсау кесерін тағатсыздана, күн санап күтіп жүрген боларсыздар. «Найти уандық» мемберлер ресми түрде, премьераның қашан болатынын мәлімдеді...

Үлкен жұмыс артта қалды. «Қағаз кеме» телехикаясы көрерменге жол тартуға дайын. «Найнти уандық» мемберлер, туындының дәл ойдағыдай шығуы үшін, ұйқыдан да бас тартуға мәжбүр болған.

«Ninety One” тобы:
-Кейбір кездер болды, біз екі сағаттан, үш сағаттан ұйықтайтын. Кейбір кездер болды, мүлде ұйықтамай, мысалы сериалдың дәл қазір түсірілімі болып жатса, ол таңға дейін болуы мүмкін, түннің бір уағына дейін болуы мүмкін. Ал таңертең басқа шаруамен, басқа жұмыстармен, басқа жерге кету керек болатын. Сол өте қиын, бірақ қызықты. 

Алайда, «Найнти уандықтар» иглздар игілігі үшін ештеңеге қарамастан аянбай еңбек етуге әрқашан әзір.

«Ninety One” тобы:
-Біздің ойымызша шығармашылықпен солай айналысқан дұрыс деп ойлаймын. Себебі қазіргі кезде, қазіргі уақыт бар кезде уақытты толығымен пайдаланып алған дұрыс. 

Кью-поперлердің өздері де, телехикаяны асыға күтіп жүргенін жасырмады. 

«Ninety One” тобы:
- Не күтерімізді негізі білмейміз.  Қалай ол көрінеді ол сырттан. Себебі, біз сырттан қарап көрген жоқпыз. Тек ішінде болдық қой оның. НТК-дан бірге тамашалаймыз деп үміттенеміз.Осы жақын арада басталады бәрі.

Иглздар, қапы қалмаңыздар! «Қағаз кеме» телехикасының алғашқы бөлімі 30 қазан күні НТК арнасында!