Желіде тараған «Зың-зың» тректің авторы табылды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Шымкенттің қыздарына «Зың-зың» деп баға берген вирусты трек, бүгінде ең көп тыңдалған әуендердің көш басында. Тіпті, бұл музыканы меншіктеп, авторлық құқығын алғысы келгендердің де қарасы мол. Алайда, «Ревюньюске» қоңырау шалған бейтаныс жігіт, аталмыш туындының авторы екенін жариялады. Тіпті, келтірер дәлелдері де бар екен. 

 

Болат Нұрымов өзін жұртқа жаққан «Зың зың» атты танымал тректің «авторымын» деп таныстырды. Шымкенттік жігіт дәл осындай бағытта рэп жазу идеясын 10 жыл бұрын ойластырса да, орайы тек биыл түскен. Ал, Қазнетті дүр сілкіндірген туынды «Мика» есімді аруға арналған көрінеді.

Болат Нұрымов, «Зың зың» әнінің авторы:

-Жолдас балам болатын. Соның дос қызын мақтау керек болды шыны керек. Сол дос қызымды мақтап ән шығарып берші деген болатын. Сол баяғыдан жинаған тәжірибемді, осы әнге 5 минуттың ішінде қосып, шыққан дүние.

Автордың сөзіне сенсек, бұл туындыны досының таныстары желіге рұқсатсыз жүктеп жіберген көрінеді. Ал, тректің тұздығы болған шымкенттік «Зың-зың» диалектін таңдаудағы мақсаты мынадай... 

Болат Нұрымов, «Зың зың» әнінің авторы:

Мысалы, «зың-зың», «дың-дың» деген әріптер айтуға жеңіл біріншіден, екіншіден тыңдауға жеңіл, сондықтан да сондай сөздерді алдық. Бір жағынан мағынасы да өте ешкімге зияны жоқ! Ең жақсы беретін әріптердің бірі «дың, зың, дәу» деген сияқты. Сол әріптердің басын құрап, мағына қосып шығарған болатынбыз.

Бүгінде бұл тректі «көше әні» деп таныстырып, өзге өнерпаздар да орындауда.  Тіпті, ғаламторда бірнеше нұсқасы тарап, «Зың-зың» желісімен клип түсіруді жоспарлап жүргендер де жоқ емес!  

Болат Нұрымов, «Зың зың» әнінің авторы:

- 99 %-і менің дауысыммен таралған. Сол дауысқа клип түсіріп, оған қайтадан арзан әуен жазған. Композиторы еместер әжептәуір бағы бар әнді таптайын деп тұр. Мен өз басым олардың орнында болсам, арзан тірлікке бармайтын едім.

Нұрланның авторлық құқығын қорғайтын қолында ресми қағазы да бар. Ол өз трегіне жиендік жасағандарды заң аясында жазалауды көздеп отыр.