Танымал бойдақтардың отау құруына не кедергі? 

Сообщить о проблеме с эфиром

«Үйлендім мен, бойдақ емеспін» - деп, Серік Ибрагимовтың әнін шынайы өмірде шырқауды қалайтын жұлдыздар жетерлік. Басы бос, жасы келген өнер иелері бойдақтықтан құтылу үшін өздеріне жар іздеуде. Олардың арасында орда бұзар жасқа келген Жеңісхан да бар.

Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:
-Үйленгім келеді әрине, бірақ Алла бұйырған күні үйленем енді. Ертең үйленем, бүгін үйленем деп айта алмаймын. Сондықтан, қазіргі істеп жатқан кином, туындым өзім ризамын. Бұйырған күні үйленем, қазір үйленіп, ертең быт-шыт болып айырылысып жатсан ұят болады. 

Жеңісханның шартты түрдегі келешек жары, режиссердің емес анасының көңілінен шықса жеткілікті екен.

Жеңісхан Момышев, режиссер, клипмейкер:
-Ең маңызда анамды сыйласа болды ғой. Анамды сыйлап, үйге қараса. Ал, біз творчествоның адамымыз, жиі далада жүреміз. 

Актер Әнуар Нұрпейісов болса әрдайым ізденісте жүретін, ақылына көркі сай  аруды қалыңдық етсем дейді.   

Әнуар Нұрпейісов,  актер:
-Мен үшін ең алдымен адам жанын, өз-өзін дамыту процесте болу керек. Сондықтан сол ғана мен осы адамға үйленем деген ойым бола алады деп санаймын.

Жар таңдауда өзгелерден еш айырмашылығым жоқ деген Әли Оқаповтың, талап-тілегі бір тарау болып шықты.  

Әли Оқапов, әнші:
-Біріншіден әрине тәрбие, нағыз қазақы тәрбие. Екіншіден ақыл, ақылды болу керек және үшіншіден үй шаруасы. Оның бәріне әрине тәрбие керек, демек, дәстүрімізді білу, тілімізді білу, тарихымызды білу. 
Сүйіктісіне деген сұранысы салмақты Әли Оқаповтың тезірек ойындағы сұлуды кездестіруіне тілектеспіз!