АҚШ-тың бірінші ханымы өзінің түр-келбетіне сын айтушылармен ашық майданға шықты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Тойда ән салмаса да, түрлі жиында ерекше образдарымен көзге түсетін Мелания Трамп, өзін сынаушылармен күресудің әдісін тапқандай. АҚШ  президентінің жұбайы, тағы бір ресми шараға «тым тартымсыз» киініп келді деген сөзге қалды. Бірінші ханымның тың тактикасы қандай? 

47-жасар Мелания Трамп өзінің сырт келбетіне мін таққандарға үнсіз майдан жариялағандай. Ол ешкімнің сынына жауап қатпастан, жұрт алдына түрлі образда шығуды жалғастыруда. Бұл жолы АҚШ президентінің жұбайы, Ақүйдегі кезекті ресми шараға «көзге ұратын» стильде киініп келді. Көпшілік мұны 40-шы және 50-ші жылдардағы Мэрилин Монроның мәнеріне теңеп тағы біраз даурықты. 

Күні кеше 65 жасқа толған Ресей басшысы Владимир Путиннің де киіну стилі   сөз болды. Орыс тілді ақпараттық-порталдың бірі, өз президенттерін қалыпты    стилді сүйетін консервативті адамдар тобына жатқызады. Құны 5 мың доллардан басталатын костюмдер, қара, қызыл, көк түсті галстуктер және өкшесі биіктеу туфлилер - Путин гардеробынан. Жайбарақат уақытта Ресей жетекшісінің қою реңді киімдерге әуестігі бар екен. 

Өз мәнерінен жаңылмайтын «Секретные материалы» телехикаясының жаңа трейлері  жарыққа шықты. 1993 жылдан бері түсіріліп келе жатқан сериалдың бұл 11-ші маусымы болмақ. Бұл жолы FBI агенттері Фокс Малдер мен Дана Скалли мистикалық оқиғалардың ізіне түспек. Олар жер бетінде тозақ орнатуда қалайтын қаскөйге қарсы күреседі.