Жұлдызды жұп Эштон Катчер мен Мила Кунис өз балаларына неліктен сыйлық жасамайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдызды жанұя Эштон Катчер мен Мила Кунис қызықты дәстүрлерімен бөлісті. Аталмыш жұп өз балаларына ешқандай сыйлық жасамайтын көрінеді. Ақша шығындағысы келмей ме әлде басқа себеп бар ма?!

Мила Кунис пен жұбайы Эштен Катчер балаларына мүлде сыйлық  жасамайтынын мойындады. Жұлдызды жұптың үш жасар қызы Уайетт пен бірге толған ұлдары Димитриге тартуды атасы мен әжесі әкеледі екен. Актриса, өз бүлдіршіндерін ертең жарамсыз болып қалатын сыйлыққа  әуестендіргенше, игі істерге баулығанды құптайды. Бұл отбасында балалар ауруханасына, немесе үй жануарларын қорғайтын мекемелерге қайырымдылық жасау дәстүрге енген!

Ресейдің «алтын дауысы» атанған Басков болса сахнаны тастап кетуге бекінген секілді. Ол өзінің инстаграм парақшасында «40 жасымда өз ісімнің келешегін көруден қалдым» деп жазба қалдырған. Әнші аздап үзіліс жасап, тіпті өз-өзінен де демалмақ ниетте. Басков осылайша өнердегі жолына жаңа көзқараспен қарауды қалайды. Мың сауалмен санасы шырмалған орыс орындаушысының тың шабыт көзін енді қайдан іздейтіні әзірге жұмбақ.

Киномагнат Харви Вайнштейн де қара басының қамын күйттеп жүр. The New York Times газеті оның көптеген жыл бойы, бірнеше актрисаны сексуалды бопсалау ісімен айналысқанын ашып жазған болатын. Беделді басылым таққан айыппен, миллионер Вайнштейн келіспейді. Ол редакцияны және материал авторын сотқа беріп, 50 млн доллар өтемақы талап еткен. Журналистердің дерегінше, бұл даулы іске қатысты біраз құпияны актерлер Мэтт Дэймон мен Рассел Кроу да білетін көрінеді.