Ғалымжан Молданазар продюсер атанбақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ғалымжан Молданазар дарынды жандарды іздестіруде! Талантты музыкант бұдан былай, талабы қатаң продюсер атанбақ. Алайда, өнер иесінің үміткерлерге қоятын шарттары тым жоғары...

Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:

-Қазір нағыз музыканттарды іздеп жатырмын. Топқа тек аузын ашып ән айтатын жігіттерді ғана емес, аспапта ойнайтын, сазгерлік қасиеті бар, сондай нағыз музыканттарды қолдап, солардан топ жасап, жарыққа шығарам.

Әзірше өзі сияқты «сегіз қырлы, бір сырлы» өнерлі азматтарды жолықтыра алмай жүрген Ғалымжан Молданазар, эстрадада қаптаған жас әншілер туралы ойын ортаға салды.

Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:

-Білім маңызды емес бұл жерде. Маңыздысы нәтиже. Ешкімге музыкамен айналыспа деп айта алмаймыз. Тек қуанам, көбейе берсін. Көптін ішінен әйтеуір бір-екеуі шығады.

Талабы қатаң продюсер бәсекелестіктен еш қорықпайды..

Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:

-Біздің бағытта біз істеп жатқан эстрадада ешкім жоқ. Сондықтан ізбасарларымызды тәрбиелеп, сахнаға шығарамыз.

Қазақ эстрадасына жаңа леп әкелуі тиіс әншінің аталмыш жобасы, 2018-жылы тұсауын кеспек. Ғалымжан Молданазардың мұндай тығыз жұмыс кестесіне қарамай, жеке шығармашылығы да жаңалықтарға толы екен.  

 Ғалымжан Молданазар, «Moldanazar» тобының солисті:

-Жұмыс көп, концерттер көп болды, бірақ енді бейнебаян түсіріп, теледидарға шығаруға уақытымыз көп болмады. Қазір осы келесі айдан бастап, бір бейнебаян шығарамыз және желтоқсан айына дейін кішігірім альбомымызды шығарамыз.

Өнер жолында өндіріп тұрып еңбектенем деген музыканттың болашақ жобасы да, тек жоспар күйінде қалмас деген ойдамыз.