«Что? Где? Когда?» интеллектуалдық ойыны Алматыда! Сұрақтан сүрінген миллионер кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Атақты интеллектуалдық «Что? Где? Когда?» ойыны тұңғыш рет Алматыда! ТМД көлемінде танымал бұл телевизиялық жобаға қазақстандық команда да қатысты. Осы кеш қонақтарының білімін біздің тілшілеріміз де тексеріп көрген еді.   

Тарихы 1975 жылдан басталатын «Что? Где? Когда?» интеллектуалдық  телевизиялық ойыны Аматыдағы алғаш рет. Кешке қара түсті қатаң классикалық стильдегі киіммен ғана кіруге рұқсат! 

Алесь Мухин және Елена Потанина, білімпаздар:

– Бүгін қазақстандық команда үшін дебют. Олардың білімділігінде біздің күмәніміз жоқ. Ойыннан барынша ләззатын алып, жақсы эмоцияларға кенеледі деген сенімдеміз!

Білгір зияткерлер алаңында бүгін Ресейлік және Қазастандық қос команда көрермен сұрақтарына жауап береді. Ел намысын қорғау кәсіпкер Медет Рахымбаев бастаған топқа бұйырыпты.  

Медет Рахымбаев, кәсіпкер:

- Уақытты жақсы өткізіп, пайдалы білім мен қосыша энергия аламыз

деген ойдамын.  

 

Ресейден келген білімпаздардың біліктілігі мен алғырлығын тексеру үшін, қазақ тіліндегі ең ұзын сөзді айтқызып та көрдік!

Алесь Мухин және Елена Потанина, білімпаздар:

– Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан

Алесь Мухин және Елена Потанина бұл сөзді алғаш оқып тұрса да, аса мүдірген жоқ. Интеллектуалдар бас қосқан бұл жиында, төбе көрсеткен отандық өнер жұлдыздарын да сынап көрдік. Алғашқы сауал «Қазақстанда қанша облыс бар?»

Артур Төлепов,  актер, әнші:

-Ойбай-ай! Қазақстанда... 13-облыс бар. 

Тосыннан қойған екінші сұрағымыз да Артур Төлеповты терең ойға батырды!

Артур Төлепов,актер, әнші:

– Ең ұзын көшесі бар қаланың аты?!

- Қазақстанның барлық облыстарында болып көрген жоқпын... Жаңағы бірінші сауалдан кейін қорқып қалдым. Сондықтан, осы жерде үндемей қоя саламын-ау деймін.  

Артур Төлепов, актер, әнші:

 – Тек білетінім бұл ойын білім жағынан, логика жағынан екенін білемін, ең қызықтысы осы болып тұр маған.