Өрт сөндірушілер қызыл кілемде! Лос-Анджелесте «Дело храбрых» картинасының тұсауы кесілді!

Сообщить о проблеме с эфиром

 Лос-Анджелесте  жүректі жандардың өмірін негізге алған «Дело храбрых» кинокартинасының премьерасы өтті.

Лос-Анджелесте «Дело храбрых» кинокартинасының премьерасына өрт сөндірушілер келді. Алайда, қайсарлықты талап ететін мамандық иелерінің шарадағы басты міндеті отты өшіру емес, қызыл кілеммен жүріп өту болды..

Тұсауы кесілген су жаңа туынды шынайы оқиға негізінде түсірілген. Сюжет желісіне сонау 2013 жылы Аризонадағы алапат өрт негіз болыпты. Кинокартина қиын-қыстау жағдайда батырлық танытқан жүректі жандарға арналады..

Джозеф Косински, режиссер:

-Менің ойымша көбісі табиғат аясындағы өрттің қандай болатынын біле бермейді. Өрт сөндірушілер - нағыз батырлар. Олардың күнделікті жұмысы ерлікпен пара-пар.

Кинопремьерада сондай-ақ, негізгі рөлді сомдаған Дженнифер Коннели, Скотт Хейз, Джеймс Бадж сынды бір топ актер мен музкант Диркс Бентли төбе көрсетті. Өнер иелері, кинолентаның кез-келген жанды бейжай қалдырмайтынына сенімді.

Джефф Бриджес, актер: 

-Картина маған ерекше шабыт сыйлады. Бұл туынды ерлік көрсеткен қарапайым жігіттердің, басынан өткен қайғылы оқиға желісімен түсірілген. Фильмдегі бас кейіпкерлердің ісі, кімді болса да шабыттандыратыны анық.

19 жанның өмірін жалмаған алапат өрт оқиғасы туралы таспаланған фильмді, қазақстандықтар да көп үзамай тамашалай алады. Кинокартина қарашаның 11-нен бастап үлкен экрандарға жол тартпақ!