«Bet Hip-hop Awards» марапаты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Диджей Халед марапаттайды! Жылдың ең үздік хип-хоп әншісі атанған кім?

«Bet Hip-hop Awards» марапаты өз жеңімпаздарын анықтады. Шараның ұйымдастырушысы Диджей Халед те, атаулы кештен құр алақан қайтпаған көрінеді. Сонымен, жылдың ең үздік хип-хоп әншісі кім? 

Хип-хоп жанрының үздіктерін анықтап жүрген бұл марапат, 2006 жылдан бері табысталып келеді. Биыл ұйымдастыру ісін және жүргізушілік тізгінді Диджей Халед өз қолына алған..

Шараның басы-қасында жүрген ол, «жылдың ең үздік диджейі» марапатын  еншіледі.. Одан өзге, Wild Thoughts” әні үшін Риана және Брайсон Тиллермен «ең үздік коллаборация» жүлдесін бөлісті.

Ал, Кендрик Ламар 4 бірдей аталым бойынша жеңімпаз атанып, өзіндік рекорд орнатты. Рэпердің HUMBLE”  бейнебаяны «ең үздік хип-хоп видео» ретінде танылды.

Карди Би де өз әріптестерінен қалысар емес. Сұлу сылқым жылдың «ең үздік хип-хоп жобасы» атанса, ал оның “Bodak Yellow”  туындысы «жыл әні» марапатына ие болды.

Өзгелер қос-қостап марапатқа ие болып жатқанда, Джей-Зи тек бір жүлдені қанжығалады. Өнерпаздың “Story of O.J.”  әні «тартымды трек» аталымы бойынша жеңіске жетті.