Мұнайшы Әнуар Нұрпейісов мамандығынан неге бас тартты?!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Мамандыққа деген махаббат болмаса, барлығы бос әуре», - дейді Әнуар Нұрпейісов. Актердың бұл пікірмен менде келісемін. Өйткені, 6 жыл бойы қаржы саласында білім алсам да, бәрібір телевизияға деген құштарлық өз дегенін істетті.

Бұл жігіт Әнуар Нұрпейісовтің інісі. Күні кеше су жаңа альбомының тұсауын кескен Данияр, 10 жыл бойы ішкі істер органдарында тергеуші болып қызмет атқарған. Алайда, мансабынан бас тартып, шоу-бизнеске бет бұрған көрінеді.  

Данияр Әбдірахманов, әнші:

-Ең біріншіден өз жүрегімді естіп, солай істедім. Бүкіл ағалар айтты, қайтесің сен, болашақта генерал боласың ғой деп.

Даниярды шығармашылыққа баулыған нағашы ағасы Нұрпейісов те өзге саланың маманы. Алғашқыда отандық киноиндустрия арқылы дүйім жұртқа танылған Әнуардың, «Мұнай-газ құбыларын жобалау және оларды құру» мамандығын тәмамдағанынан көпшілігі бейхабар.  

Әнуар Нұрпейісов,  актер:

-Мен тек қана қуаныштымын. Егер мен өзімнің дипломыммен жұмыс істесем, бір ауылда мұнай құбырының қасында жүруші едім.

Сонымен қатар, бірнеше жылын білімге арнап, соңында өзге салада кәсібін дөңгелеткен танымалдардың бірі Марат Оралғазин. Бір қызығы, «КВН» түлегінің үш бірдей қып-қызыл дипломы, бүгінде сандықта сарғайып жатқан көрінеді.

Марат Оралғазин, актер, продюсер:

- «Шығыстану» факультетін бітіргенмін. Одан кейін «Халықаралық қатынастар» факультетін бітіргенмін. Одан кейін үшінші дипломым бар. «Маркетинг», мұның бәрін мен қызыл дипломмен бітірдім. Бірақ, дегенмен соңында шығармашылық тартып кетті. Қазіргі таңда шығармашылықта, теледидарда жүрген жайымыз бар. Мұның барлығы бекерден бекер емес деп ойлаймын.

Бұл кештің басты кейіпкері Данияр Әбдірахмановтың дебюттік үнтаспасы «Не забывай» деп аталады. Ол акустикалық альбомға 10 тректі тоғыстырған. Өнерді «өмірім» деп ұққан жігіт келер жылы тағы бір күйтабақтың тұсауын кесуге ниетті.