Аршавин «опасыз!» Футболшы тағы да жұбайының көзіне шөп салып, жұртты шулатуда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әзірге, Алиса Казьминаның неліктен  Андрей Аршавинмен ажырасуға арыз бергені жайлы білейік. Ауру қалса да, әдеттің қалмайтыны анық! Футболшы бұл жолы да жұбайының көзіне шөп салған.

«Қайрат» командасының шабуылшысы алты жыл көңіл қосқан Алисасымен, өткен жылдың қыркүйегінде некесін қидырғанды.

Дүркіреп той өткен соң, ортақ сәбилері де өмірге келді. Тек, бұл шақтарда аяқ доп шебері өзге сәнбикемен «сауық-сайран құрып жүрген» деп жазады Ресейлік ақпарат көздері. Олардың айтуынша, күйеуінің опасыздығын білген шақта Алиса бірден ажырасуға бел буған. «Біз ат құйрығын үзістік. Енді, бірге емеспіз» - деген сылқымның инстаграмдағы жазбасы да отқа май құйды.

Бір кездері ол да опасыздықтың құрбаны болғанды. Бірақ, бүгінде Алексей Воробьев өзін тым бақытты сезінетіндей.

Актриса Полина Максимовамен бірлесе жасалған трилогиясының соңғы бөлімін ұсынған сері жұртты біраз таңырқатты. Әсіресе, анадан жаңа туғандай жалаңаш бейнесі аруларды екіұдай пікірде қалдырғаны анық.

Джаред Лето болса Марго Роббидің қыр соңынан қалмай жүр. Playboy -дың негізін қалаушы Хью Хефнер жайлы байопикке актрисамен бірге түсуді қалайды. Маргоның келісімін алмайынша тыным таппаймын деген Джаредтің ойын режиссер де қос қолдап құптап отыр.