Оралдық ару - Әсел Абдуллова "Miss Fashion TV-2017 Model Awards ” халықаралық сұлулық сайысында топ жарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

21 жастағы Оралдық ару - Әсел Абдулова сән сахнасынан түспеуді қалайды! Сылқым, сондықтан да түрлі сұлулық сайысында сынға түсіп жүрген болатын.

Бұл жолы Кипрде дәстүрлі түрде өтетін «Miss Fashion TV-2017 Model Awards ” байқауында бақ сынады. Сүйінші хабар ұзақ күттірмеді. Ару беделді жарыста 27 қарсыласын шаң қаптырып, ең көп дауыспен топ жарды.