Төреғалидың тойы тікелей эфирде! Ұлы дала баласының бұл қадамына танымалдар неге наразылық танытуда?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Алатаудың баурайында қатарынан 5 күн концерт берген Төреғали  мерекелік шоуды абыроймен атқарды.Әрдайым жаңашылдыққа жаны құмар жігіттің жанұясы, енді дүбірлі тойға дайындалып жатыр. Бір қызығы жас жұбайлардың қуанышы, отандық арналардың бірінде тікелей эфирде өтетін көрінеді.

Жан Мұқанов,  продюсер:

-Прямой эфир, анау әдемі безендірілген пресс-стена дейді. Соның жанында көрсетіп, сол айтатын сөздері, прямой эфирге шығады деген мақсаттарымыз бар. Шығу керек негізі.

Иә, Төрештің тойында тартымды шоу жасауды жоспарлаған продюсер Жан Мұқанов, бұл ақпаратты растап отыр. Алайда, жеке өмірін тікелей эфир арқылы дүйім жұртқа жария қылған Ұлы дала баласының бұл қадамына, өнердегі  кей әріптестері наразылық танытуда.

Дастан Оразбеков,  «Орда» тобының әншісі:

-Тікелей эфирде көрсету мен оны артық дүние деп ойлаймын. Сондықтан, әр нәрсенің өзінің орыны болуы керек. Ол бір мемлекеттік дәрежелі дүние болсын тікелей эфир болса болатын еді. Бұл әр адамның жеке өмірі.

Шахизада, әнші:

-Жеке өмір, жеке өмір болып қалу керек негізі. Ол дұрыс айтады. Өзін пиар ету үшін, үйленіп жатқанын, ажырасып жатқанын шақырып көрсетемін десе, әркім өзінің қалауы бойынша жасайды бұл жерде.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Бірақ, маған егерде тікелей эфирден тойыңды көрсетейік десе мен бас тартатын едім.

Кез-келген қызу тылқыдағы тақырыпты біреудің даттауы, енді біреудің  жақтауы заңдылық! Сондықтан, 25 жасын «айхайлатып» өткізген Төрештің тойын тікелей эфирден көргісі келетін жұлдыздар да жоқ емес!

Гүлнұр Оразымбетова, әнші:

-Мейрамбек, Сәкенге 25 жасында осындай мүмкіндік бергенде, олар да тойларын тікелей эфирде көрсеткен болар ма еді деп ойлаймын.

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Жиырма бесінде жарқыратып, 5 концерттен кейін, өзінің тойын бір жасап жіберу де жарасымды болып тұр.