Айтыс – батл құрып, заманауи жалмауыз кемпірмен айқасқан Ертөстік! Айнұр Тұрысбек тұңғыш рет фэшн – спектакль ұсынды.

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел, мансабың сән сахнасынан басталғандықтан, бұл әлемдегі жаңалықтарды қалт жібермейтін қадағалайтын шығарсың?

Әрине. Отандық фешн-өндірістегілер дәл қазір Айнұр Тұрысбектің моно – көрсетілімін қызу талқылап жатыр.

Жұрт назары ауатындай жаңалық жасап, тұңғыш рет подиумда спектакль қойғаны рас қой енді.

Дегенмен, фешн - қойылымы әріптестерінің бәрінің бірдей көңілінен шыға қоймапты.

Айнұр Тұрысбек сән апталықтарында бой көрсетпейді, өзге әріптестерімен бірге бір подиумнан да табыла бермейді. Тек туған күні қарсаңында моно – көрсетілім өткізу жеке дәстүрі.

Бұл жолы да фэшн өндірістің тайлы–тұяғын қалдырмай басын қосты. Сәйкесінше, тың идеясын қоса ұсынды. «Ертөстік» ертегісін негізге алып, тоғыз актлі қойылым жасаған. Тұңғыш әдеби–музыкалық спектакль аңыз- әңгіме желісімен өріліп, заманауи элементтермен әспеттелген.

Айнұр Тұрысбек, сәнгер:  

– Әр топтаманы жасамас бұрын, оны қалай таныстыратынымызды анықтап аламыз. Өнер мен сәннің дәл осы интерпретацияда үйлесуін мен әуел баста ойластырып қойғанмын. «Бата» театрымен біз идеяны жүзеге асырғанда, тіпті керемет туынды шықты.

Дегенмен, подиумдағы қойылым барша меймандардың көңіліне қонымды болды деуге келмейді.  

– Бүгінгі қойылым, Айнұр Тұрысбектің тың идеясы қалай көңіліңізден шықты ма?

Ян Рэй,  Fashion-фотограф:

- Негізі, подиум тек топтаманы таныстыруға арналған жер. Онда, өнердің өзге де түрлерін көрсету орынсыз деп білемін. Ойыңды бөлетін нәрселер көп болғандықтан, коллекцияны дұрыс тамашалай алмадым.

Дегенмен, сәнгерге қолдау білдіргендер де аз емес.

Жарқын Баймаханов, сәнгер :

 – Спектакль мен сән көрсетілімін үйлестіру! Жалпы, көңіліңізден шықты ма?  Айнұр Тұрысбек – әрқашан тренд жасайды. Топтамасынан да, оның таныстырылуынан да бұл сөзсіз байқалады.

Виктория Момынбаева, сәнқой: 

– Модельдердің бойынан драйв сезіліп тұрды. Жалпы, жаңашылдықты әрқашан қос қолдап қолдаймын.

Сән сахнасында дизайнердің үш қызы да төбе көрсетті. Сөзінше, бұл қадамын оларға бәсекелестіктен қаймықпауды үйрету үшін жасаған. Айнұрдың кіші ханшайымымен бірге, «Ринголық» Аян Бірбаевтың Әдиі де сән сахнасынан табылды. Әншінің өзі төбе көрсетпегенімен, екінші сәбиіне аяғы ауыр жұбайы Айнұрды көзіміз шалды.