Күші бойында тасыған Иван Дычко, 4 аптада 3 жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр!

Сообщить о проблеме с эфиром

 27-жасар қазақстандық ауыр салмақтағы боксшы Иван Дычко, 4 аптаның ішінде 3-ші жекпе-жегін өткізуі ықтимал! Ол кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін да нокаутпен ұтқан болатын. Мамандардың сөзінше, отандасымыз ертең ағайынды Кличколардай болуға лайықты үміткер.

Дычко 28 қазан күні, келесі қарсыласымен болуы мүмкін жұдырықтасуын тағатсыздана тосуда. Боксшымыз осы жылдың соңына дейін, 6 айқас өткізуді жоспарлап отырған көрінеді. Әзірге, екі жекпе-жегінде айқын жеңіске жетті!