Қыдырәлі Болманов қызының тәтті қылықтарын айтып берді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қызының есімін қырық күнге дейін құпия ұстаған Қарақат, инста парақшасындағы соңғы посттарының бірін ханшайымына арнаған. Аяланың суретін желіге алғаш жүктеген анаға, жолданған сауалдардың санында шек жоқ! Алайда, кенжесіне қатысты көпшілік көкейіндегі сұрақтарға Қыдырәлі Болманов #Ревьюнюс арқылы жауап берді.

Осы жылдың мамыр айында бесінші мәрте ата-ана атанған Қыдырәлі мен Қарақаттың жанұясындағы жағымды жаңалыққа, күллі қазақ елі қуанған еді. Төрт атұстардан кейін дүниеге келген қызға Аяла деп ат қойған жұлдызды әке,  кішкентайының тәтті қылықтары жайлы қызықты әңгімесін айтты.    

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Қазір енді күліп, танып, гуілдеп сөйлесемін мен енді. Жаным, бағым, таңым деп. Сөйлескенде кәдімгідей оны қабылдап, күліп, бала өзі өскен сайын тәтті болады ғой. Сондықтан, бүкіл сәби аңсаған адамдарға сәби тілер едім.

Қарақаттың парақшасынан кішкентай ханшайымның суретін көріп, сүйсінген оқырмандарының бір тобы сәбиді анасына ұқсатса, енді бірі әкесінен аумай қалғанын айтады. 

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Қарақат өзіңнен аумайды дейді. Мен айтамын Қарақат қарашы мына жері саған ұқсап тұр деймін. Ең бастысы Алла бақыт берсін, кімге ұқсаса да.

Балаларының болашағынан үлкен үміт күтетін жұлдызды жұп, бүгінде бар күшті тұңғыштарына жұмсап жатқандарын жеткізді. Өйткені, Бекболат келер жылы мектепті аяқтамақ. Қазіргі таңда, Қыдырәлі мен Қарақат үлкен ұлының келешек мамандық таңдауда жаңылмауын жіті қадағалап жүр.

Қыдырәлі Болманов, әнші, продюсер:

-Үлкенім сол спортпен, футболмен, қазір бокспен араластырып айналысып жүр. Өзі мектепте ғой. Бұйырса келер жылы бітіреді Алла қаласа. Оған былай-былай бар демейміз. Бірақ, ақылдасамыз  не істемек ойың бар, қайда бармақ ойың бар деген сияқты.