Жалған жарнаманы жақтырмайтын Жанат Жақиянов тағы бір чемпиондық белбеуден үмітті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Головкиннен кейін Қазақстандағы нөмірі екінші боксшы деп, мен Жанат Жақияновты атар едім. Себебі, ол WBA (Super) тұжырымының толыққанды чемпионы. Сонымен қатар, жақында жерлесіміз IBF белбеуінің иегері Райан Барнеттке қарсы айқасады. Бір сұрағым бар?! Жанаттың неге жарнамасы аз?

Жанат Жақиянов осы жылдың ақпан айында, америкалық Роуши Уорренмен өткізген аса тартысты жекпе-жекте, төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, сенсациялы түрде WBA (Super) чемпиондық белбеуін иеленген еді. Жеңіл салмақтағы бұл биікті бағындырған Жанаттың ендігі қарсыласы британдық Райан Барнетт.

21-қазанда Солтүстік Ирландияда болатын бұл титулды айқастың жеңімпазы, WBA және IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанады. IBF белбеуінің иегері Барнетт 17 жекпе-жегінің бәрін ұтып, 9 нокаут тіркеген. Ол Жанат үшін аса тегеурінді қарсылас. 33-жасар Жақиянов өз мансабындағы 27 кездесуінің 8-ін уақытынан бұрын аяқтаған. Текі бір жеңілісі бар.  

Жанатқа ағылшындық боксшы Райанмен жұдырықтасу, спорттық ғұмырындағы ең маңызды жекпе-жек. НВО арнасының тікелей эфиріне шығатын бұл бокс кешінде, Жақиянов ұтып жатса жаһанға танылмақ. Жарнамасы аз жерлесіміз, Головкиннен кейін негізгі әлемдік тұжырымның чемпиондық белбеуі бар елдегі екінші спортшы. Жақияновтың жеңісіне жанкүйерлері бек сенімді әрі сәттілік тілейді!