Құлағын кішірейту үшін пластикалық ота жасатпақ болған Нұрлан Батыровты қолынан кім қақты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Джерард Батлер пластикалық ота арқылы бетіндегі әжімдерін азайтқаны есімізде. Қалқан құлақ болудан жалыққан Нұрлан Батыров та, бір кездері хирургтарды жағалап кеткенді. Бірақ, діттігенін орындай алмады. Вайнерді бұл ойынан айнытқан кім?

Кішкентайынан құлағымның үлкендігі «ең басты кемшілігім» деп ұққан Батыров, ес білген соң пластикалық ота жасатамын деп шешкен екен. Бірақ, мұнысын анасы құптай қоймапты. 

Нұрлан Батыров, вайнер, актер:

– Анам, құлағыңды жабыстырып  ұстап, айнаға қарап көрші деді. Расында, менің пропорцияма сай келмейді екен. Сенің бет-әлпетіңе осындай үлкен құлақ қана жарасымды деп түсіндірді.

Сондықтан да, Нұрлан құлағының пішінін мүлде өзгертпейтін болып, бастапқы ойынан айнып қалған. Бірақ, ертең егде тартқанда әжімдерінен пластикалық  хирургтардың көмегімен арылуға мүдделі.

Әділ Лиян, продюсер, тележүргізуші:

– Бала кезімде «қалқан құлақ, чебурашка» деп көп мазақтаушы еді. Сондықтан, құлағымның кішірек болғанын армандайтынмын. Ота жасатқаннан кейінгі бақытымды сөзбен жеткізу мүмкін емес.

Құлағының кесіренен өзін өзгелерден кем санап өмір сүруге, Әділ Лиян көндіге алмаған. Бүгінде, ол кез-келген ортада өзін сенімді ұстайды. Адэми болса, ажарын ашпайтын қалын алдыртып тастау үшін, жүз ойланып, мың толғанғанын жасырмайды.

 Адэми,  әнші:

– Қалды кесіп тастау қауіпті екенін көп естігенмін. Сондықтан, мамандармен ұзақ уақыт кеңестік. Тіпті, ота жасағаннан кейін ол қалды Израильге жіберіп, арнайы зерттеу жүргіздік. Абырой болғанда, бәрі ойдағыдай өтті.

Дегенмен, Адэми әзірге он екі мүшесінің өзге бөлігіне «пышық тигенін» іштей қаламайды. Бірақ, келешекте пластикалық хирургтардың алдына қайта оралуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды.