Ұлыбритания патшалығының тақ мұрагерлері қандай мультфильм көреді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл балалардың хоббиі – музыка болса, Букингем сарайындағы сәбилердің қызығушылығы сан қилы! Мәселен, мектепке баруды мүлдем жаны қаламайтын төрт жастағы Джордж ханзада, мультфильм десе «ішер асын жерге қояды».

Уильям ханзаданың айтуынша, атұстары әсіресе Диснейдің «Арыстан патша» туындысын тамашалауды ұнатады екен. Симбаның қызық әрі қиын тағдырын сан қайталап көруге бар, - дейді ол. Корольдік отбасы Джордждың көңілі құлазымасын деп, арыстанның қаза болатын тұсын көрсетпеуге тырысқан екен. Дегенмен, Уильямның кенжесі мультфильмді толық көріп шығамын деп  қиғылық салыпты.