Жағымсыз қимыл көрсеткен «Қайрат» ойыншысы Жеррар Гоу қыруар айыппұл төлеуге міндеттелді!

Сообщить о проблеме с эфиром

Он айыппұлдың, тоғызы тәртіп бұзушылықтан! Қазақстан Кубогінің финалында көрсеткен жағымсыз қимылы, «Қайраттық» Жеррар Гоуға ауыр жаза болып тиді. Футбол мәдениетіне жат деп танылған бұл әрекеті үшін, шабуылшы бір ойынға шеттетілді және 300 мың теңге төлеуге міндетті.

«Атырау» қақпасына соққан жеңісті голынан кейін, ивуарлық легионер басқа ойыншыға алмастырылған еді. Алаң сыртынан көрермендер трибунасына көрсеткен бұл қимылын, Гоу өзімнің бауырыма бағыттадым деп ақталған.  Дегенмен, қызыл қағаз еншілеген Жеррар, дисциплинарлық комитетті сендіре алмады.