Наркосиндикаттарға қызмет еткен ұшқыш Барри Силдың тағдыры қазақстандық кинопрокаттың үздігі!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Сделано в Америке» картинасына мұражай ашу артықтау болар. Дегенмен, Том Круз басты рөлді сомдаған бұл фильм миллиондарға аса қызықты. Аталмыш кинотуынды прокатқа шыққан алғашқы аптасында-ақ табысы бойынша көш бастады.

Атақты Том Круз басты рөлді сомдаған «Сделано в Америке» картинасы шынайы оқиғаға негізделген. Фильм прокатқа шыққан бір аптаның ішінде 100 млн теңгеге жуық табысқа кенелді. Наркосиндикаттарға қызмет еткен Барри Сил есімді ұшқыш туралы биографиялық туынды, қазақстандық көрерменнің көңіл төрінде. 

Екінші сатыда шытырман оқиғалы «На глубине 6 фунтов» триллері. Оның алғашқы уик-эндтегі кассалық қоржыны 55 млн теңгеге толысты. Tooley Productions киностудиясының бұл дебютті картинасына Скотт Во режиссерлік еткен.

Ресейлік "Салют-7" туындысы бұл аптада 20 млн теңгеден аса қаржы жинады. Режиссер Клим Шипенконың бұл фильмі оған сәттілік әкелгендей. Жермен байлынысы үзіліген кеңестік ержүрек ғарышкерлердің, сан-қилы оқиғасы тарихта болған.