Бүрмелі көйлек, заманауи камзол! Ұлттық нақышқа ойысқан Сәкен Жақсыбаевтың коллекциясы неге сәнқойларға жақпады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәкен Жақсыбаевтың тың топтамаларын, отандық сәнқойлар әрдайым асыға тосады! Бұл жолы да, Mercedes-Benz Fashion Week Алматы сән апталығының шымылдығын түрген, оның көрсетілімін тамашалаушылардың қатары мол. Тек, сәнгер олардың албырт көңілін су сепкендей басты! Ұлттық нақышқа тұңғыш ойысқан дизайнердің, бұл қадамы сәтсіз шықты дегендер де табылды.

Mercedes-Benz Fashion Week сән апталығының сегізінші маусымы да, Алматылық сәнқой бомондты түгел жинады. Меймандардың талғамы таңқалдырады. Спорт – шик, ретро, модерн, лакшери сынды стильдің барлық түрін қонақтардың үстінен кезіктіреріңіз анық.

Хаки, қара, кірпіш! Сәкен Жақсыбаевтың көктем – жаз маусымына арналған топтамасы осы түстерден тұрады. Жібек пен шифон маталарынан көз тұнады.

 Сәкен Жақсыбаев, сәнгер:

– Қазақтың ұлттық киімдерін камзол, бүрмелі көйлектерді негізге алып, заманауи топтама жасап шықтым. Меніңше, қазақ қызының ең басты қасиеттері – ибалылық, ұяңдық оның киімдерінен, образынан көрініп тұруы қажет.

Дегенмен, талғамы биік сылқым ретінде танылған Евгения Джонсонға, сәнгердің бұл тың өзгерісі ұнамаған сынды. 

Евгения Джонсон,  сәнқой:

– 1991 жылы бірінші сыныпқа барған кезім есіме түсті. Мектеп формамыз қоңыр көйлек, ақ алжапқыш болатын. Қоңыр түс қайта трендке айналған сияқты. Сәкен жыртық джинсыды гардеробтан алып тастап, үнемі классикалық үлгіде, сымбатты болуды ұсынады. Бірақ, біздің де арасында еркін стильде жүргізіміз келетіні рас.

Керісінше, ұлттық нақышқа бет бұрған дизайнерді қолдағандар да табылды.

Ольга Ким,  сәнгер:

– Минимализімі таңырқатты. Дегенмен, оның қолтаңбасы анық көрініп тұр. Трендтегі түстерді үйлестіруі керемет!

Жан Төлебаев Kiiik брендін өткен жылы дәл осы алаңда көпшілікке таныстырғанды. Сәнгер сылқымдарды жағажайға шықаратындай. Саяхаттан шабыттанған ол тек жарқын түстерге басымдық берген.

Тек сахнада төбе көрсеткені болмаса, бомонд бас қосқан кештерге бас сұға бермейтін «Найнти уандық» AZ-ді көзіміз шалды. Мемберлердің стилін қалыптастырып, фэшн өндіріске аса ықылысты болғаны үшін топтамалармен танысуға арнайы келген көрінеді.