Бред Питт тұңғышынан бес-ақ жас үлкен аруға көз салды! Актердың жаңа ғашығы кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Брэд Питт болса, керісінше өміріндегі өзгерістің бәрін құпия сақтап қалғысы-ақ келеді! Бірақ, қолынан келер емес! Анджелинамен ат құйрығын үзіскен актер, қайта ғашық болып қалған. Таңдауы – тұңғыш перзентінен бес жас қана үлкен актрисаға түсіпті. Мұны естіген Джолидің төбе шашы тік тұрды.

Стефани Данлердің «Sweetbitter» кітабын экранизациялауда Брэд Питт продюсерлік етіп жүр. Картинадағы рөлдердің бірі британиялық актриса – Элла Пернеллге бұйырған. Туындыға дайындық барысында танысқан олардың, бүгінде жұптары жазылмайды деседі индсайдерлер. Елу үштегі экс-күйеуінің 21-жастағы бұрымдыға ынтық болғаны – Джолидің шамына тисе керек. Дегенмен, тұңғыш ұлы Мэддокстен аз ғана үлкендігі бар сұлуға есі кеткен Питт «махаббат жас талғамайды» дейді.

Милания Трамптың егізі пайда болған ба? Күйеуі Дональдпен бірге журналистер алдына шыққан АҚШ-тың бірінші ханшайымы жұрттың қызу талқысына қалды. Көпшілік, ақ үй басшысының қасында тұрған Миланияның өзі емес деп шуласты. Көлемді көзілдірікпен тұрған бикешті жасанды мұрын тағып алған деп болжаушылар да табылды.

Саясат сахнасынан енді Трамп ханымды ғана емес, Ксения Собчакты да жиі көретін боламыз. Сылқым 2018 жылғы Президент сайлауына түспек.