«91» тобының «Қағаз кеме» кавер-байқауының қатысушыларына қояр талаптары қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жеңіске деген құштарлық, «Қағаз кеме» кавер байқауына қатысып жатқан әр иглзда жетерлік. Олар жүзден жүйрік болып,  мемберлердің көңілінен шығу үшін барын салуға дайын. Әуесқой жанкүйерлерінің бұл ән-додасы жайлы «Найнти уандықтар» не дейді?! 

«Қағаз кеме» телехикаясы саундтрегінің кавер нұсқасын орындап, сайысқа қатысуға тілек білдіргендер саны мыңға жетіп қалды. Жеңімпаз атануға әркімнің-ақ бар таласы... Алайда, «Найнти уандықтар» жолданған видеолардың барлығын жіті қарап, тек үздіктердің әділ бағасын беруге әзір.

«Ninety One” тобы:

-Конкурс қазір жалғасу үстінде. Біз барлығын қарауға тырысамыз. Бәрін бағалауға тырысамыз. Өте көп әртүрлі видеолар шығып жатыр, өте көп, өздерінің ұсыныстарын, өздерінің көзқарастарын желіге шығарып жатыр қазір. Бізге қатты ұнайды мұндай қарқын.

«Ең үздік кавер орындаушы» деп танылатын үш жеңімпазға «Найнти уандықтардың» арнайы сыйы да дайын. Бас жүлде – мемберлердің сізге телефонмен жеке хабарласқанын қаласаңыз, шығармашылық шабытыңызды шектемеңіз... Әлі мүмкіндік бар!

«Ninety One” тобы:

-Және бір нәрсе айта кеткіміз келеді. Шығармашылықты біз өте қатты жақсы көреміз. Осы өлеңге жаңадан бір дем берсе деп ойлаймыз. Осы өлеңді басқа қырынан көрсетсе деп ойлаймыз.

Бұдан бөлек, иглз үшін тағы бір жағымды жаңалық! Көрермен қауым алдағы уик-эндте «НТК» арнасынан «Қағаз кеме» фильмін тамашалай алады! Сенбі күні сағат 18.00 де және жексенбі күні сағат 16.20 да! Қапы қалмаңыз!