Дженнифер Лопестің қай қылығы Алтынай Жолдыбаеваға үлгі болып жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

Mercedes-Benz Fashion Week Almaty сәнқойларды таңқалдырғаны анық! Дизайнерлер подиумға хиджаб пен абайкаларды шығарды. Топтамаларды тамашалауға келген Алтынай Жолдыбаеваға бұл бағыт ұнаған сынды. Сонда қалай, «Джейрандық» сылқымды мұсылман әйелі бейнесінде де көруіміз мүмкін бе?

Классикалық пальто, тренчкот, костюм, ұзын етек көйлек! Екінші рет сән сахнасына топтамаларын шығарған «AiSho» брендінің негізгі ұсынары осы. Бұған қоса, абайкалар мен оромал таққан модельдерді подиумға шығарды.

Айман Орынбасарова, Шолпан Нұрмухамбетова-«AiSho» брендінің сәнгерлері:

– Орамал таққан қыздар да сәнді киінгісі келеді. Жабық міндетті түрде, бірақ сәнді киінгісі келеді.

«AiSho»-ның топтамасын таныстырушы хиджабтағы сәнбикелер санаулы ғана болса, Леонид Жеребцовтың модельдері түгел мұсылмандар киімінде төбе көрсетті. Сәнгер, арабтардың иіссуынан шабыттаныпты. Бұрын соңды бой үйренбеген топтаманы сәнқойлар қабылдай қояр ма?

 Мадина Балғабаева, тележүргізуші:

- Уақыттың талабы шығар деп ойлаймын. Жеребцов та бүгін сол мұсылман қыздарына арналған сән киімдерін ұсынды. Бұл уақытпен келген нәрсе. Өйткені бүгін ба, ертең ба бәрі бір келетін еді.

Леонид тек аруларға ғана емес, ер азаматтарға да шығыс стилінде киінуді ұсынады.

Леонид Жеребцов, сәнгер:

– Ұзын етекте жейде кию – трендте. Мұны біздің ерлер де түсініп, жақында қабылдайды деп сенемін.

Қазнеттің хиті  болған «сәбіз» сөзін топтамасына қосып, спорт-шик пен классиканы үйлестірген Бибота да таңқалдыра алды.

Алтынай Жолдыбаева , «JayRun» тобының әншісі:

– Маған ұнайды классика мен спорттық киімдерді араластырып киген. Кезінде, мен бұны ең бірінші рет Джей Лодан көргенмін. Соның бейнебаяндарынан, маған сол кезден ұнайтын. Мен өзім рахаттана киемін.

Бота Бақытжан, «Bibota» брендінің дизайнері:

- Менің топтамамның ерекшелегі ол әрине оюлар, мені бірден танытатын. Сонымен қатар, дүниежүзі бойынша трендте – ол клетка. Торлы заттар. Қызыл түс, жасыл түс. Қара түсті қостық. Ол классика болып саналады.

Биботаның көктем – жаз маусымына арналған коллекциясы Mercedes-Benz Fashion Week Almaty-ны қорытындылады.