Қазақстан футболы тарихындағы ең жылдам соғылған голдың авторы анықталды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қас-қағым сәттегі танымалдық! Футболдан Қазақстан чемпионаты тарихындағы ең жылдам гол соғылды. Ел премьер-лигасында рекорд орнатқан бұл доптың авторы - «Тобыл» шабуылшысы Жасұлан Молдақараев.

Қостанайлық клуб өз алаңында көкшеутаулық «Оқжетпесті» қабылдаған. Матчтың небәрі 10-шы секундында Молдақараев өз командасын алға шығарып, есеп ашты. Ойында жалпы 4:1 есебімен жеңген «Тобыл», 43 ұпаймен турнир кестесінде төртінші келеді.