Ким Кардашьян қайта тоналды! Қылмысқа кімнің қатысы болуы мүмкін?

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал тұлға Ким Кардашьянның да көңілі құлазыған күйде. Араға жыл салмай, ұрылар актрисаны қайтадан тонап кеткен көрінеді. Аузы күйген сылқым, енді қылмыскерді жазасыз қалдырмаймын дейді...

Осыдан бір жыл бұрын Ким Кардашьян жан шошырлық оқиғаға тап болған еді. Париж қаласында беймәлім азамат актрисаның басына тапанша тақап, 10 миллион долларлық әшекей бұйымдарды қолды қылған.

Сылқым күні кеше, қайтадан қылмыстың құрбаны атанды. Баукеспе ұры жұлдыздың үйін тонамақ болған көрінеді. Алайда, ойы іске аспаған ол ауладағы көліктің есігін бұзып, ұялы телефонды іліп кеткен. Жәбірленген актриса, енді істің ашылуы үшін бар күшін салуға бекініп отыр.

Патша  әулетінде үлкен қуаныш! Гарри ханзада мен Меган Марклдың үйлену тойының күні белгілі болды! Атаулы шара, 2018 жылдың жаз мауысымына жоспарланған көрінеді. Алайда, тойдың қайда өтетіні әзірге белгісіз. Енді, Меган Маркл көп ұзамай Англия ханзадасының үйіне көшіп бармақ..

Ал, актер Эван МакГрегордың енді Мэри Элизабет Уинстэдпен көңіл қосуын жұрт қызу талқылауда. Бұл жаңалықты оң қабылдаушылардың қарасы аз. Себебі, өнерпаз өзінің экс-жұбайы Ив Мавракиспен 22 жыл бойы, бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешкен болатын.