Шамадан тыс толықтап, артынан «анорекцияға» ұшыраған Адэмиді зорықтырып жіберген не?

Сообщить о проблеме с эфиром

Адэмидің тым толық суретін көрген жанкүйерлерінің, төбе шашы тік тұрғаны бар. Артық салмақтан арыламын деп жүргенде сылқым «анорекцияға» ұшыраған. Шоу- бизнестегі ең сұлу арудың осыншалықты азап шегуіне не  түрткі болды?

Оның себебі жалғыз! Гормонды дәрілерді пайдаланғанның нәтижесінде әншінің салмағы артып кеткен.

Ademi, әнші:

– Ол кездерде өзіме тым сенімді едім. Табынушыларым да көп болатын. Сұлусың, сымбаттысың деген мақтау сөздерді жиі естуші едім. Артық салмақ адамның еңсесін түсірмеуі керек. Өзіңе ыңғайлы болса, мінсіз мүсін қалыптастырамын деп әуреленбеген дұрыс.

Қос ауыр ота жасатып, айлап нәр сызбай жүрген сәттерінің болғанын еске алады сылқым. Бел омыртқасының ауруы, аяғындағы дерт оның қайта арықтауына сеп болған.

Ademi,  әнші:

– Аяғымнан жүре алмай қалған тұста да, тамақ ішпек түгілі өмір сүруге құлшынысым болмайтын. Күйзеліс сол кезде де жүдетіп жіберді.

Семіздік сырқаты қайта оралуы бек мүмкін еді дейді ару. Өйткені, ол өзін тамақтан тежей алмайды.

Ademi, әнші:

– Тәтті тоқаштарды көргенде жеп қоятыным бар.  Кино көріп отырып та, аузым босамайтын. Бірақ, сахна мені бұл кейіпте қабылдамайтынын түсінгенде, дұрыс тамақтануға көштім.

Қазір керісінше, салмақ қосуға зар. Тіпті, дәрігерлер өткен жазда сылқымға «анорексия» диагнозын да қойған.

Ademi, әнші:

– Ән сапарлар, таусылмайтын түсірілім жұмыстары жүргізіліп, жұмыс қауырт болып кеткен шақтарда кәдімгідей арықтап кетемін. 50 келі салмақтың өзі мен үшін тым аз. Қу сүйек болуды жаным қаламайды.

Дегенмен, аты құлаққа түрпідей тиетін дертінен әнші бірте-бірте айығып келеді. Саулығы үшін спортқа да бет бұрған. Оның басты қағидасы – салмағың қанша болса да, өзіңе деген сенімділікті жоғалтпау! Өзгеге де осы кеңесін айтады.