Кейт Бленшет – үздік! Селена Гомес, Хайди Клум мен Синди Кроуфордтың сұлулығы тасада қалған күн!

Сообщить о проблеме с эфиром

Рианна марапатқа мойын созып тұрған тұста, Кейт Бленшет «InStyle Awards 2017» салтанатының «ең сәнді қонағы» атағын еншілеп үлгерді. Селена Гомес, Хайди Клум, Эль Фаннинг, Синди Кроуфорд, Кейт Босуорт сынды сұлулар бас қосқан қызыл кілем салтанатында, Кейт әріптестерінің бәрін шаң қаптырды.

Тал бойынан сұлулық та, нәзіктік те, мінсіз талғам да табылатын Кейт Бланшет, Givenchy -дың ретро көйлегіне таңдау түсірген. Өткен ғасырдың 40-шы жылдарындағы сәнқойларға тән үлгі, актрисаға өзгелерден оқ бойы озық шығуға жәрдемдесті.