«Штат Небраска», Нағимуша мен Аминокка ғаламтор арқылы қанша қаржы табады? «Ревюньюс» табысты влогерлердің құпиясын ашты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Аминоккаға «Ютуб» хостингі ай сайын он мың доллар қаржы төлейді-мыс! С: «Штат Небраскалықтардың» да пранк видеолары мол табыс көзі екен. Бұл сөздер қаншалықты рас?!  Ғаламтор арқылы қомақты қаржы табу мүмкіндіктері қандай? «Ревюньюс» анықтап білді.         

Марлен Қаппар, «Штат Небраска» блогері: 

– Ғаламтор арқылы табыс табамын деген мақсатың болса, арнайы бизнес жоспарың болғаны дұрыс. Мәселен, видеоблогтар арқылы қаржы жасауды көздесең, әуелі кәсіби техника алып, бұл саланың қыр-сырын меңгеру керек. Менің ең алғашқы интернет арқылы табысым үш мың теңге болған. Қазір, әлдеқайда жоғары.

Видео блог, вайн, пранк! Ғаламтор жұлдыздары дәл осы контентті өз қалталарын неғұрлым қалыңырақ ету үшін жасайды. Миллиард қаралым жинаған тұңғыш отандық вайнер Аминокка мәселен, ай сайын «Ютуб» хостингінен қомақты жалақы алып отырады.

Рамазан Малғаждар, Аминокканың әкесі:

– Басында, қызығушылық енді өсіп келе жатқан кезде ол он мыңнан көп болды. Қазір, кішкене басылып, он мыңнан төмен. Он мың доллар.

Нағимушаның бизнесі – инстаграмда! Дәл осы алаңда жасаған жарнамасы үшін алынатын ақының арнайы прайс-парағын да жасап қойған.

Нағима Ахметова, вайнер:

– Мектепте жұмыс істедім. Менде өте кішкентай жалақым болған. Содан соң, интернет желісіне кеткен кезде табысым 2-3 есе, мүмкін он есе көтерілді.

Нағиманың вайн түсіргеннен өзге жұмысы жоқ. Дегенмен, жинаған аудиторияны ұстап тұру үшін үнемі дамып, ұсынарың сарқылмауы тиіс дейді сылқым. Бұл тың идеяны, тынымсыз еңбекті талап етеді екен. Сондықтан да, Алматыда бүгін шымылдығы түрілген дәстүрлі медиа саммитке келіп, спикерлерден дәріс алуда.

Диджитал немесе телеарна! Саммит аясында қос алып саланың қайсысы мықты деген пікір таласта туды. Олар болашақта бірігуі мүмкін. Яки, көк жәшіктің отын ғаламтор өшіре алмайды деген қорытындыға келді.