Криштиану тағы да үздік! Роналду «ФИФА» марапатын еншіледі!

Сообщить о проблеме с эфиром

Жылдық табысы жүздеген миллионды құрайтын Роналду, «ФИФА» тұжырымы бойынша 2017 жылдың «ең үздік аяқдопшысы» атанды. Ол өзінің басты бәсекелестері Месси мен Наймарды басып озған. «Реал» клубы мен Португалия шабуылшысының, 32 жасындағы бұл ерлік жолына бір шолу жасасақ.

 

Орда бұзар 32-жасында да тұғырынан таймай тұрған Роналду секілді аяқдопшы, футбол тарихында некен-саяқ. Оның, өз физикалық мүкіндіктерін жетілдіріп, үнемі шеберлігін шыңдап отыруы – жетістігінің басты кепілі. Криштиану екінші жыл қатарынан «ФИФА»-ның «үздік футболшы» марапатын иеленді.

Роналду «Реал» сапында биыл: Чемиондар Лигасын және УЕФА Суперкубогін  ұтып, турнирдің үздік сұрмергені атанып, Испания біріншілігі мен Суперкубогінің жеңіпмазы болды. Португалия құрамасымен 2018 жылғы Әлем чемпионатына да жолдама алды. 

Криштиану Роналду,  «ФИФА-2017» үздік ойыншысы:                                   

- Баршаңызға рақмет! Месси мен Неймарды да атап өткім келеді. «Реалға» осы маусымдағы қолдауына алғыс айтамын. Екінші жылы да ұтып тұрмын, бұл мен үшін үлкен бақыт. Маған дауыс берген жанкүйерлерге шексіз разымын.

Лондонда өткен «ФИФА» сыйлығын табыстау салтанатында қанжығасы майланғандар сапында «Арсенал» ойыншысы - Оливье Жиру бар. Ол жылдың «ең үздік голының» авторы атанып, арнайы «Пушкаш» марапатын алды. Француздықтың «шаянша соққысы» ең көп дауыс жинаған.

«ФИФА» нұсқасы бойынша «Реал» жетекшісі Зенидин Зидан 2017 жылдың «үздік бапкері» атанды. Бұл маусымның «үздік қақпашысы» 39 жасар «Ювентус» өкілі - Джанлуиджи Буффон.