Мәскеуден эксклюзив! Отандық сәнгерлер Mercedes-Benz Fashion Week Russia подуимында топтамаларын таныстырды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қанша қаржы жұмсалса да, Олипиада ел имиджін көтереді! Ал, оған дейін Қазақстан атын, сәнгерлеріміз  Mercedes-Benz Fashion Week Russia подуимында шығарды! Көрші елдің  кірпияз сәнқойлары, отандық дизайнерлерді қалай қабылдады? Мәскеуден эксклюзив!

Фэшн – нарығы тым ауқымды, сәйкесінше бәсекелестігі де аса үлкен Ресейлік сән сахнасын бағындыру кез-келгенге қол емес. Дегенмен, біздің сәнгерлерді Мәскеулік бомонд жатырқай жақын тартқан. 

Аида Кауменова, сәнгер:

– Ине жаншыр орын жоқ, билеттің бәрі сатылып кеткен. Қанша жан кіре алмай сыртта қалды. Бізге деген қызығушылық басым.

Аида Кауменова негізгі бағытын өзгертіп, заманауи тенденцияға ойысқанды. Дегенмен, Ресейліктер үшін ұлттық нақыштағы образдарын да ала барған.

Алекс Чжен мен Лария Жақанбаеваның «one to one» бренді концептуалды һәм романтикалық топтама ұсынды.

Сұлулыққа жаны құмар – Наиль Байкучуковтың қолтаңбасы өзгермеген. Дегенмен, сәнгер бұл жолы топтамасын тек күміс түстес луктардан құрапты.  Фэмили – лук жасауға әбден машықтанған дизайнер, әдеттегідей кішкентай ханшайымдарға да түрлі кешкі көйлектер ұсынды. Оны таныстыру мәртебесі - Динара Сәтжанның қызы Дианаға бұйырған.

Сән сахнасына жаңадан қадам басқан Динара Сәтжан, дизайнер Бауыржан Сағиевпен бірлесе жасаған топтамасын да назарға ұсынды. Роза Бағлановаға арналған коллекция, аңыз әншінің винтажды сахналық костюмдері мен күнделікті киген көйлектері негізінде тігілген.

Динара Сәтжан,  тележүргізіші, сәнгер:

- Отандық сәнгерлер тізе қосқан кезде, әлемдік фэшн нарықты жаулау оңайырақ болады деп сенеміз. Сондықтан,  Mercedes-Benz Fashion Week Russia – ға сегіз дизайнер  келдік.

Mercedes-Benz Fashion Week Russia-ның талғампаз сәнқойларын біздің дизайнерлер осылайшы таңдандыра алды.