Желіде хитке айналған «Зың-зың» атты тректің авторы бақилық болды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Естеріңізге сала кетсек, ғаламторда кең тараған «Зың-зың» трегінің  авторын, «Ревюньюс» тілшілері алғашқы болып тауып, көпшілікке таныстырған еді. Осыдан 20 күн бұрын бізге сұхбат берген Болат Нұрымовтың, енді қайтыс болғаны жайлы қайғылы хабар жетті.

Иә, бұл кездесуде музыкант өз туындысын әлдекімдердің қолды қылуға әрекеттеніп жатқанын айтқан еді. Тіпті аталмыш тректің авторы екенін дәлелдеу мақсатында, ол Ташкенттегі ауруханадан Алматыға арнайы келген-ді! Ал, мына бейнежазба Болаттың соңғы сұхбаттарының бірі болып қалмақ...

 

Болат Нұрымов, «Зың-зың» әнінің авторы:

-Ауруханада болдым 3 ай бойы. Дәл қазіргі уақытқа дейін. Дәл қазір емделу үстіндемін. Қатты қазір ауырып тұрмын. Бірақ дәл осындай жағдайлар болып жатқаннан кейін, осы студияға Алматыға келуіме тура келді.

Жақын досының сөзіне сенсек, осындан 3 ай бұрын жас жігіттің өкпесіне қатты суық тиіп, ауруханадан бірақ шыққан. 29 жастағы Болат Нұрымов Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Соңғы 5 жылда Алматыға қоныс аударып, ән әрлеуші болып қызмет атқарған. Бақилық болған музыканттың артында ата-анасы мен жұбайы және жалғыз ұлы қалды.