«Алтын жүректі» Арман мен Аша! Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұп қайырымдылыққа бет бұрды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайырымдылықты парыз санайтын спорт саңлақтары мен отандық шоу-бизнес өкілдері «Алтын жүрек» премиясында бас қосты. Мейірімді жандарды марапаттайтын аталмыш жобада, соңғы жылдары жұлдыздарда жиі бой көрсетіп жүр. Бұл жолы белсенділік танытқан танымалдар көшін Арман мен Аша бастап тұр...

Игі шаралардың орны Арман мен Аша үшін әрқашанда ерек. Қайырымдылыққа жаны құмар жұлдызды жұп, барлық жұмысты бір шетке ысырып, бұл жолы «Алтын жүрек» премиясының номинаттарын құттықтауға арнайы келген. 

Аша Матай, әнші, актриса:

-Мен оның алдында да қатысқанмын және үміткерде болғанмын осы премияға. Ол бірнеше жылдар бұрын болған нәрсе. Осыдан 3 жыл бұрын қатысқаным бар. Арман осымен бірінші рет. Біз өзіміз қайырымдылыққа жақын адамдармыз. Сондықтан, ұсыныс түскен кезде бірден қабылдадық.

Бұл – Жанна ханымның мейірімді жандарды марапаттайтын жобада алғаш рет бой көрсетуі. Алдағы уақытта, «Алтын жүрекке» үміткерлер қатарынан әнші Орынбасарваны да көріп қалсаңыз, таң қалмаңыз!

Жанна Орынбасарова, әнші:

-Келесіде мүмкін, сондай «Алтын жүрекке» сай деп комиссия шешетін болса әрине мен қуана-қуана қатысамын. Әр саланың ең керемет деген жүректерін, менің ойымша бүгін осы сахнада барлығымызда көреміз және қолдаймыз.

Иә, арбаға таңылған Біржан Қожақовтың жігері ешқашан жаншылған емес. Алтын жүректі азамат, бұл жолы «Мүгедек жандарға көрсеткен қамқорлығы үшін» номинациясын еншіледі. Ол Орал қаласында қазақи нақышта жиһаз жасайтын шеберлерге жетекшілік етеді. Қол астындағы 35 қызметкердің 22-сі мүмкіндігі шектеулі жандарды құрайды екен.

Біржан Қожақов, кәсіпкер (БҚО, Орал қаласы):

-Кішкене ашушаң болып келеді. Бірақ, жұмысқа өте беделді. Ауырғандарына қарамай, осы жұмысты жасай аламын деп намыстанады. Сондай көпшілік мүгедектерге айтамын, біріншіден намысты жоғалтпау керек. Сонда жұмыста болады, бәрі де болады.

Биыл 11-ші мәрте ұйымдастырылып отырған «Алтын жүрек» қоғамдық ұлттық марапатына, 455 адам өтініш білдірген. Арнайы құрылған комиссияның шешімімен, үміткерлер 11 номинация бойынша сыйлықтар еншіледі.