Дреды үшін «виртуалды соққы» алған Алтынай Жолдыбаева қандай қулыққа көшті?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Шайтан!» «Осындайларға қарап, қазақтың қыздары қалмай бара жатқандай сезінесің!» «Қуып кетіпсің, жеркенішті!» Алтынай Жолдыбаеваның инста парақшасына жазылатын пікірлерден шошисың! Сылқым дреды жасатқалы, оқырмандары оған одан сайын қаһарлы. Сондықтан да, әнші ару «Ревюньюс» арқылы хейтерлерге үндеу тастады!

«Бірізділіктен тез жалығамын» дейді Алтынай! Шашын сары, сұр, қызғылт, қара түстерге бояудан мезі болған соң, дреды жасауға бел буған. Бірақ, дәл бұлай сынның астында көміліп қаламын деп ойламаса керекті.

Алтынай Жолдыбаева, «JayRun» тобының әншісі:  

– Неліктен қазақ қызы батыл бола алмайды? Неліктен қазақ қызы жарқын бола алмайды? Мен комментарийді өшіретінмін. Қазір подписчиктердің көлемі өсіп келе жатыр. Сондықтан да ойлаймын, өшірудің не қажеті бар?Хейтерлар жазасыздар ма? Мархабат менің парақшама!

Керісінше көптің қызу талқысын тудыратын образдармен, жұрттың «қытығына тиюді» жалғастыра беремін дейді.

Әсем Жакетаева үшін хейтерлердің қаһарына ұшырау – ауыр соққы. Сондықтан да, ол нәзік болмысына адал. Бүгінде, бикештің бар образы жұбайының жеке талғамының төрелігінен өтеді екен.  

Әсем Жакетаева, актриса, әнші:

– Өмірде персональный стилистім - ол менің жарым! Мен үйде киінемін, көрсетемін. Осындай-осындай образ қалай саған, ұнайды ма...?! Көбінесе оның айтқаны дұрыс шығады.

Жоқ, сылқымның қосағы стилист емес. Жәй ғана зергерлік бұйымдар дүкенінің басшысы. Бірақ, фотоссесия, түсірілім жұмыстарына сұлу келіншегін киіндіріп жіберуді жаны сүйеді.