«Безумная женщина» үлкен экранда! Нұрлан Батыров кезекті туындысын таспаламақ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Халықтың сүйіктісі «Безумная женщина» бұдан-былай толықметражды картинаның бас кейіпкеріне айналмақ.Көпшілік арасында дәл осы образбен, кең танылған Нұрлан Батыров, тағы бір кино түсіруге ниетті. Режиссер ретінде дебюттық жұмысын «Проявление» атты қорқынышты картина таспалаудан бастаған ол, болашақ жобасын жоспарлап та қойған. Вайнердің айтуынша, «Безумная женщина» фильмі көрерменді күлкіге қарық қылмақ.

Нұрлан Батыров, вайнер, актер, режиссер:

- Барлық саланы байқап көру керек, бұл менің өмірлік ұстанымым. Сондықтан «Безумная женщина» картинасын таспалауды жоспарлап отырмын.